|
|
Homepage
- Legislation - The laws
THE LAWS
Тәртіптің сақталуы - мемлекеттік талап
ҚР Мемлекеттік қызмет істер агентігінің аумақтық басқармасы- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің ОҚО-дағы тәртіптік кеңесі, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарын сақталуын бақылау бөлімінің бастығы Әлібеков Жанзақ Ақбергенұлының БАҚ өкілімен өткізген сұқбаты
1-сұрақ: Tәртіптік кеңестің негізгі міндеттерін атап өтсеңіз?
-Жауап: Тәртіптік кеңесчтің негізгі міндеттері ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген ережеде көрсетілген. Атап айтқанда, тәртіптік кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары мен Ар-намыс кодексінің бұзылуына жол берген мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдарға қатысты тәртіптік істерді қарайды, сонымен қатар, аталған заңнамалардың талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау үшін оргон басшыларына ұсыныстар мен заңнамалардың талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар енгізеді. Сондай-ақ, Республикалық Агенттіктің қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Ар-намыс кодексінжетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
2-сұрақ: Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тартудың негізгі талаптарына тоқталсаңыз?
-Жауап: Егер мемлекеттік қызметші теріс қылық жасап, ол дәлелденсе, онда, мемлекеттік қызметші заңға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылуы тиіс, тәртіптік жауапкершілікке тарту алдында міндетті түрде мемлекеттік қызметшіден жазбаша түрде түсініктеме алынуы керек. Егер, ол мойындаса ғана оған тәртіптік жаза қолданылады, ал, түсініктемесінде орын алған теріс қылықты мойындамаса, онда, оның үстінен қызметтік тексеру тағайындалады және оның қорытындысы Мемлекеттік оргонның тәртіптік комиссиясында қаралып, тек комиссияның ұсынысының негізінде тәртіптік жаза беріледі.
Сонымен қатар, егер мемлекеттік қызметші және оған теңестірілген лауазымды тұлғалар (мектеп директорлары, ауруханалардың бас дәрігерлері және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтарын бұзған жағдайда тіртіптік жаза теріс қылық аталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей белгіленеді және жазаны теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды. Ал, Ар-намыс кодексі мен Мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілерге тәртіпті жаза теріс қылық аталған күннен бастан бір айдан кешіктірілмей қолданылады және теріс қылық жасаған күннен бастап алты айдан кейін қолданылмайды.
3-сұрақ: Тәртіптік кеңес талаптарынан мемлекеттік оргондарда тексерулер жүргізудің тәртібі мен 2008 жылы қанша кемшіліктер анықталғанын айтсаңыз?
-Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекеттік оргондарда жылына тек бір рет қана тексерулер жүргізіледі. Тексерулерге жататын мемлекеттік оргондар Тәртіптік кеңестің Төрағасы бекітеді.Оның алдында жоспар ҚР мемлекеттік қызмет істер Агентігінің төрағасы мен ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттік Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасымен келісіледі. Жоспарға негізделмеген мемлекеттік оргондарда тексерулерге тыйым салынған, яғни жүргізілмейді. Тексеруді жүргізу Біздің басқарма бастығының бұйрығы арқылы жүзеге асырылады, ол бұйрық Бас прокуратураның тиісті басқармасында тіркеледі.
2008 жылы Тәртіптік кеңес тарапынан 311 мемлекеттік оргондарда жоспарлы тексерулер жүргізіліп, 1517 Мемлекеттік қызметке қатысты қолданыстағы заңнамалардың талаптарын сақтамау фактілері анықталды.
4-сұрақ: Осы анықталған кемшіліктер бойынша Тәртіптік кеңестің тарапынан қандай шаралар қолданылды?
-Жауап: Өріскел заң бұзушылықтарға жол берген 80 мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың үстінен тәртіптік істер қозғалды. Тәртіптік кеңес мәжілісінде қаралып, тиісті тәртіптік шаралар қолданылды. Барлығы 235 лауазымды тұлғалар, оның ішінде 32-қатаң сөгіс, 7-қызметіне толық сйкес еместігі туралы ескертіліп, 5-мемлекеттік қызметші атқарыпжүрген қызметтерінен босатылды.
5-сұрақ: Анықталған фактілердің ішіндегі «ең сорақыларын» мысалмен атап өтсеңіз?
-Жауап: Тексеру барысында шынында да өзіңіз айтқандай сорақы фактілердің орын алғандығына куә болдық. Мысалы, мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау, бос лауазымға орналасуға өткізілген конкурсқа қатысушы үміткерлерді конкурстан өткізудің орнына аттестациялаудан өткізу, несие алған мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік мүлкімен кепілдік беру, жасы толмаған азаматтарға жер үлесін бөліп беру және бір күнде жер телімін сұраған арызын алып, сол күні жер коммисиясының отырысын өткізіп, сол күні әкімдіктің жер телімін бөлу туралы қаулысын қабылдап сол күні мемлекеттік актісін беру, кейбір аудандарда қаңтар-ақпан айларында жер телімін сұраған арыздар қаралмай ал, қазан-қараша айларында қабылданған арыздарының негізінде жер телімдерін бөлу және т.б. фактілер орын алғандығы анықталды.
|
 |
Calendar
| | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | | 27 | 28 | 29 | 30 | | | |
|